PROpolymer MA 123 — Құрамында процессингтік және функционалдық қоспалары бар, асфальтбетон қоспаларын түрлендіруге арналған және түйіршіктелген пішінде шығарылатын, асфальтбетон қоспасына «құрғақ» тәсілмен енгізуді көздейтін қанықпаған органикалық қышқылдармен түрлендірілген полиолефиндер қорытпасы.
Өнім асфальтбетонның физикалық-механикалық қасиеттерін жақсартады, сораптың түзілуі, сызаттануға төзімділік, иілу деформациясы және т.б. мәселелерін шешеді, осылайша жол төсемінің қызмет мерзімін ұзартады.
ҰСТ ТШ 05438250-001-2020 негізіндегі негізгі көрсеткіштер:
Көрсеткіштің атауы, өлшем бірлігі; Көрсеткіштің мәні
Сыртқы түрі;дөңгелек түйіршіктер
Түсі;ашықтан сұрға дейін
Түйіршіктердің өлшемі, мм;2,0-ден 5,0-ке дейін
Үймелі тығыздығы, г/см3;0,5-тен 0,6-ға дейін
Ылғалдылығы, %, көп емес;2
Жылуға төзімділігі, %, көп емес;7
Қолдану артықшылықтары:
ААҚ-ға асфальтбетон қоспасының тоннасына 2-3 кг мөлшерінде «PROpolymer MA 123» қоспасын енгізу мыналарға мүмкіндік береді:
Асфальтбетондарды пайдалану температуралары диапазонында ығысу деформацияларына төзімділікті арттыру
Асфальтбетондардың динамикалық жүктемелеріне қарсылықты арттыру
Асфальтбетонның бұдырлы доңғалақ тыстарымен қажақты тозуын төмендетуге қол жеткізу
Төмен температураға және қажулық сызаттануға төзімділікті арттыру
1 тонна асфальтбетон қоспасының өзіндік құнын төмендету (ПБТ қолданумен салыстырғанда)
Өндірістің технологиялық тәсімінен ПБТ (полимер-битумды тұтқыр) дайындау торабын және коллоидты диірменді алып тастауға мүмкіндік бере отырып қоспаны «құрғақ» әдіспен енгізу
Шығындарды оңтайландыру:
ПБТ әзірлеу және дайындау
ПБТ-ға арналған сыйымдылық паркі
Қосымша қызметкерлер
Логистикаға
Қаптама:
Big Bag 500/1000 кг
Жеткізу:
Т/Ж, авиа, авто
ӨТІНІМ ҚАЛДЫРУ
RUS Chemicals мамандары әрқашан сіздің міндеттеріңізге сәйкес химиялық өнімдерді таңдау бойынша толық кеңес беруге дайын